Сәу 09, 2020 18:16 Asia/Almaty
  • Адамзаттың құтқарушыға (ғ.с.) деген бүгінгі қажеттілігі тарихта бұрын-сонды болмаған

Ислам революциясының жетекшісі адамзаттың құтқарушыға (ғ.с.) деген бүгінгі қажеттілігін тарихта бұрын-сонды болмаған деп атап, жарқын келешекке жетуге үміттеніп, сенімді болу мен бұл мақсатқа жету үшін әрекет жасау керек екенін қуаттап: «Иран халқы аурудың сынағынан жақсы өтіп, қоғамдық әрекеті мен тәртібі кеңестерге сай болды»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, бейсенбі күнгі теледидардан тікелей эфирде сөйлеген сөзінде Иран халқы мен әлемнің бүкіл мұсылмандары мен азаттық талап етушілерін имам Мәһдидің (ғ.с.) туған күнімен құттықтап, ақыл мен тәжірибені илаһи үлкен нығметтердің бірі әрі қиындықтарды шешуші фактор деп атап: «Осы уақытқа дейін дәлелденгендей білім мен ақыл әділетсіздікті шеше алмайды. Адамзат бұл мақсатына жету үшін илаһи құдыретті қажет етеді. Сондықтан хазірет құтқарушының (ғ.с.) үлкен міндеті – жерде әділет орнату»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі әлемдегі коронавирус пандемиясы мен оның үкіметтер мен халықтар үшін қоғамдық сынақ екеніне тоқталып: «Уәделі құтқарушыны күту қиындықтардан кейін жеңілдіктерді күту дегенді білдіреді. Құтқарушыны күтуші адам бұл оқиғадан үмітін үзбейді. Сабыр сақтап, жағдайдың өзгеретініне сенеді»,- деп сөзін жалғады. Аятолла  Хаменеи Батыстың пандемия кезіндегі әрекеттерін еске салып, кейбір еуропалық мемлекеттердің басқа елдерге арналған маскалары мен қолғаптарын тәркілеуін, халықтың дүкендерге басып кіріп, оларды босатуын, дәретхана қағазы үшін дауласуын, қару сатып алу үшін сапқа тұруы мен қарт науқастарды емдеуін және коронавирустан қорқып, өз-өздеріне қол жұмсап жатқанын ескертіп: «Бұл оқиғада Батыс мәдениеті мен өркениеті өзінің теріс нәтижесін көрсетті. Батыс мәдениеті жекешілдік пен материализмге, көбінесе атеизмге негізделген»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстарды, Вьетнам соғысын, АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракқа жасаған шабуылдарын өткен жылдардың маңызды әрі үлкен оқиғалары деп атап: «Коронавирус дүниежүзілік алпауыт елдердің Палестина мен Йемен халықтарына қарсы зорлық-зомбылығы мен үстемшілердің қастықтары мен дұшпандығына немқұрайдылық білдіруге себеп болмауы керек. Өйткені, егер біз дұшпандық білдірмесек, олар дұшпандық жасамайды деп ойлайтын кейбіреулердің пікіріне керісінше, үстемшілер Ислам республикасы жүйесінің негізі мен діни халықтық демократиясына дұшпандық білдіріп жатыр»,- деп қуаттады.  

 

  

Сараптама