Сәу 30, 2020 18:47 Asia/Almaty
  • Иранда 75 мыңнан аса адам коронавирустан жазылып шықты

Иран Денсаулық министрлігінің баспасөз хатшысы Киянуш Жаһанпур бейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елдегі коронавирус жағдайына тоқталып, өткен 24 сағатта тағы 983 науқас анықталғанын айтып: «Диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, осы күнге дейін Иранда 94640 адам вирус жұқтырды»,-деді.

Жаһанпур, сондай-ақ, өткен 24 сағатта Иранда 71 адамның көз жұмғанын, вирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 6028 адамға жеткенін мәлімдеді.

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 3 млн 232 мыңнан асты. Олардың кемінде 228 мыңы көз жұмды. 1 млн-нан аса адам жазылып, ауруханалардан шығарылды.

 

Тегтер

Сараптама