Maм 10, 2020 20:17 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі басқару қабілеті, әлеуметтік философия мен ахлақты Батыс елдерінің коронавирус жағдайында жеңіліс тапқан үш саласы деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні таңертең Ұлттық коронавируспен күрес штабының мүшелері мен елдің 31 облысының әкімі қатысқан бейнеконференцияда «коронавируспен күрес» атты әлемдік сынақта Батыс елдерінің жеңілгеніне көңіл аударып: «Батыс пен батыстық өмір салтын жақтаушылар жеңілгенін көрсеткісі келмейді. Алайда бұл қауқарсыздықтың қыр-сыры талқыланып, айтылуы тиіс. Өйткені түрлі ұлттар үшін тағдырды анықтайтын маңызды шешім қабылдау осы хабардарлыққа байланысты болады»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Батыстың басқару-ұйымдастыру қабілетінің жеңілгені жайлы: «Коронавирус Америка мен Еуропада басқа елдермен салыстырғанда кешірек тарады. Яғни бұл елдердің вируспен күреске дайындалатын мүмкіндігі болды. Алайда олар тиісті деңгейде әзірленіп үлгермеді. АҚШ пен Еуропаның кейбір елдерінде коронавирус жұқтырғандар мен қаза болғандар санының жоғары болуы және бұл елдерде әртүрлі қиындықтың, соның ішінде жұмыссыздық жағдайының  ушығуы осы дәрменсіздікті дәлелдеп отыр»,-деді.

Аятолла Хаменеи Батыстың әлеуметтік философиясының да коронавируспен күресте жеңілгенін айтып: «Батыста әлеуметтік философиясының рухы мен мәні материалдық дүние мен ақшаға негізделген. Сол себепті олар коронавирус мәселесінде қарттар, науқас адамдар, мүгедектер мен мұқтаж жандарға көңіл аудармады. Себебі бұл әлеуметтік топ өкілдері ақша тауып, материалдық құндылық тудыруға қауқарсыз. Сондықтан қарттар үйінде көп адам көз жұмды. Бұл шындық Батыстың әлеуметтік философиясының жеңілгенін айғақтайды»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі қоғамдық ақлақ саласындағы жеңілісте адамдардың дүкендерге лап қоюына тоқталып: «Батыстықтар бүкіл уәждерінен қарамастан бұл салада да ұтылды. Осы шындық қоғамдық пікірге түсіндірілуі тиіс»,-деді.

Аятолла Хаменеи Иран халқы мен жауапты тұлғаларының коронавируспен күреске қатысты мәдени-әлеуметтік, емдік-санитарлық, ғылыми-зерттеу, басқару және қызмет көрсету салаларындағы амал-әрекеттерін мақтануға тұрарлық ұлы қозғалыс деп атап: «Иран халқы сабырқ сақтап,  жарқын қатынас көрсетіп, ирандық-исламдық мәдениетті танытты»,-деп қуаттады.

 

Тегтер

Сараптама