Maм 18, 2020 15:50 Asia/Almaty
  • COVID-19 ауруынан емдеу мерзімін 6 күнге қысқарту – ирандық ғалымдардың жетістігі

Иранның діңгекті жасушаларды зерттейтін ғалымдары маңызды бір жетістікке қол жеткізіп, COVID-19 ауруынан емдеу мерзімін 6 күнге қысқартты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бір ирандық компанияда діңгекті жасушалардан жасалған өнімнің көмегімен үш айдан аз уақыттың ішінде COVID-19 ауруынан емдеу мерзімін 6 күнге қысқартуға қол жеткізілді. Бұл коронавирусқа шалдыққандарды емдеуде маңызды өзгеріс саналады.

Ирандық ғалымдардың жетістігіне дейін коронавирусқа шалдыққандарды емдеу 2 аптадан 8 аптаға дейін созылатын.

 

Сараптама