Maм 18, 2020 19:24 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Америкалықтар Иракта да, Сирияда да қалмайды

Ислам революциясының жетекшісі жексенбі күні университет ұйымдары және студент жастармен өткізген бейнеконференцияда Ауғанстан, Ирак пен Сирияда соғыс жүргізуді АҚШ-қа жиреніштің басты себептерінің бірі деп атап: «Америкалықтар Сирияда мұнай болған соң әскер кіргіздік деп ашық айтты. Алайда олар Иракта да, Сирияда да қалмайды. Бұл елдерден шығарылуы тиіс. Шығарылатыны анық»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  хазірет аятолла Хаменеи бейнеконференцияда АҚШ туының әлемнің көптеген елінде, тіпті АҚШ-тың өзі ішінде өртелуін халықтардың осы режимге жиренішінің айқын дәлелі деп атап: «Ұлттармен қоса, тіпті АҚШ-қа одақтас кейбір елдердің басшылары да көкейіндегі сөздерін айтқанда АҚШ-тың саяси қайраткерлеріне жирене қарап, сенімсіздік білдіреді»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-қа жиреніштің бір бөлігін бұл режимнің қазіргі басшыларының, соның ішінде қисынды ойдан аулақ, лепірме сөзге әуес және өзгенің құқығына немқұрайлы президент пен мемлекеттік хатшысының қатынасынан туындап отырғанын айтып: «АҚШ-қа жиреніштің себебі тек бұл ғана емес, АҚШ-тың ұзақ мерзімді әрекеттері, соның ішінде жаппай қырып-жою, қылмыс пен әділетсіздік жасау, лаңкестерді дайындау, деспоттық үкіметтерге көмектесу, сионистік режимнің зұлымдығына қалтқысыз қолдау көрсету және соңғы кезде коронавирус дағдарысында ел жағдайын басқара алмау да бар»,-деп еске салды.

 

 

Сараптама