Maм 18, 2020 20:33 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі елдің үміттендірерлік шындықтарын түсіндірді

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні университет ұйымдары және студент жастармен өткен бейнеконференцияда зұлымдық, күпірлік және үстемшілдікпен күрестегі елдің үміттендірерлік шындықтарына тоқталып, жастар мен студенттерді революциялық арман-тілектердің шынайы туын биік ұстауға шақырды.

Аятолла Хаменеи елдің қазіргі жағдайына шолу жасап: «Шындық мынада: бүгінде Иранға қарсы ауқымды зұлымдық, күпірлік пен үстемшілдік майданы құрылған. Олар кез келген тәсіл және мүмкіндікті пайдаланып, исламдық жүйені кері шегіндіріп, тізе бүктіруге талпынып жатыр. Егер олардың бұл мақсаты орындалса, елдің болашағына ауыр соққы беріледі. Алланың рақымы және халықтың қырағылығы мен табандылығының арқасында үстемшіл күштер бұл жолда сәтсіздікке ұшырайды»,-деді.

Дұшпандар өздерінің қате есептеулерімен революциялық армандарға соққы берудің жалғыз жолын Иран халқының, әсіресе жастардың рухын түсіріп, өздеріне деген сенімін әлсірету деп ойлайды.

АҚШ осы салада екі қастандық жобалады: біріншісі, Ираннан үркіту саясаты аясында Иранға айып тағу арқылы қоғамдық пікірді АҚШ-тың аймақтағы дағдарыс пен соғыс тудырудағы рөлінен алдарқату; екіншісі, революциялық құндылықтарға күмән келтіру және ИИР-ның үстімшілдермен күрестегі «жұмсақ күшіне соққы беру.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпандардың Иран халқына қарсы шығуының басты мақсатын әлем халықтары үшін тартымды бір үлгінің қалыптасуының алдын алу деп атады.

Шындық мынада: өткен 41 жылда америкалықтардың Иран халқының қарым-қабілетіне қатысты есептері әрдайым қате болғандықтан, еш нәтижеге жетпеді. Осындай жағдайда әрбір оқиғада Иран халқы, аймақ пен әлем халықтары үшін АҚШ-тың шынайы болмысы ашыла түсіп, оған деген жиреніш артып келеді.   

АҚШ 2001 жылдан бері әл-Каидамен, яғни Трамп пен Клинтонның мойындауы бойынша АҚШ құрған лаңкестік топпен күрес сылтауымен аймақты ауқымды тынышсыздық пен лаңкестікке душар етті. ДАИШ пен басқа да ондаған лаңкестік топ құрылды. Бүгінде америкалықтар «Сирияда мұнай болған соң әскер кіргіздік» деп ашық айтып отыр.

Осы шындықтарды назарға ала отырып, Ислам революциясының жетекшісі: «Америкалықтар Иракта да, Сирияда да қалмайды. Бұл елдерден шығарылуы тиіс. Шығарылатыны анық»,-деді.    

 

Сараптама