Maм 19, 2020 20:15 Asia/Almaty
  • Иран басшылары АҚШ-қа ескерту жасады

АҚШ үкіметі басшыларының Иранның Венесуэлаға отын тасымалдайтын танкерлеріне кедергі жасау қоқан-лоққысы жөнінде жарияланған кейбір мәліметтер Иран басшыларының реакциясымен бетпе-бет келді.

АҚШ үкіметі басшыларының Иран мұнайын Венесуэлаға тасымалдайтын танкерлерге кедергі келтіретіні туралы қоқан-лоққысына қатысты ақпараттар таралғаннан кейін Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі  күні БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешке жазған хатында АҚШ-тың заңсыз, қатерлі әрі арандатушы қоқан-лоққыларын теңіз қарақшылығының бір түрі және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген үлкен қауіп деп атап: «АҚШ әлемдік сахнада зорлық жасаудан  бас тартып, халықаралық заңдарды, соның ішінде азат суларда кеме қатынасының еркіндігін құрметтеуі керек»,-деді.   Иран Сыртқы істер министрлігінің саяси істер жөніндегі орынбасары да Теһрандағы АҚШ үкіметінің мүдделерінің қорғаушысы ретінде Швейцария елшісін шақыртып, одан АҚШ-тың ирандық танкерлерге қоқан-лоққы жасау ықтималына байланысты ИИР-ның шынайы ескертуін елдің басшыларына жеткізуді сұрады. Ирандық танкерлердің Венесуэлаға мұнай тасымалы халықаралық заңдарға сай азат суларда жүзеге асырылып жатыр. Сауда азаттығы – ежелден танымал халықаралық құқықтардың бірі, сондықтан үкіметтердің оған кедергі тудыру құқығы жоқ. ИИР 5700 км созылған жағалауымен теңіз елдерінің бірі саналады. Жыл сайын орта есеппен Иранның 11 үлкен және 60 кішкентай портынан 300 миллион тоннадан астам жүк тиеледі. АҚШ өткен маусым айында британиялықтармен ынтымақтастық жасап, Еуроодақтың Сирияға қарсы санкцияларын бұзды деген сылтаумен Гибралтар суларында мұнай тиелген ирандық "Grace-1» танкерін тоқтатты. Бұл әрекетке Иран қатаң жауап қайтарды.

Араб жазушысы, сарапшы Абдәлбари Атаван Rai Al-Youm  газетіндегі мақаласында: «Трамп үкіметінің түрткісімен ирандық танкерді  тоқтату Британия үкіметі үшін үлкен қателік болды. Лондон ирандық басшылар кешірім сұрайды деп ойлады»,- деп жазды. АҚШ-тың күш көрсету әрекеттері халықаралық сауда мен кеме қатынасының азаттығы үшін қоқан-лоққы, теңіз қарақшылығының әшкере үлгісі және халықаралық заңдарды бұзу, сондай-ақ, БҰҰ мақсаттары мен Жарғысына қайшы келеді.  АҚШ қастандықтарының кеме қатынасының қауіпсіздігіне тигізетін қауіп-қатерінің жан-жақты тұрғыларына шолу жасап, АҚШ тарапынан қателік қайталанатын болса, Иранның кез келген шара қолдану құқығы сақталады. Теһран кеме қатынасының азаттығын қорғау және АҚШ-тың заң бұзушылығының шығынын арттыру үшін тиісті реакция білдіреді.                                                                 

 

 

Сараптама