Maм 21, 2020 19:48 Asia/Almaty
  • Палестина халқының интифазасы басып алынған жерлерден тысқары таралды

«Палестина халқының интифазасы басып алынған жерлердің аумағынан аса таралып, тағдырды айқындайтын кезеңге аяқ басты. Тель-Авив көшелерінде басқыншы Израильдің соңы жақындап қалғаны туралы сөздер естіліп жатыр».

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммед Бағери сәрсенбі күні Дүниежүзілік Құдс күніне орай жасаған жолдауында осы шындыққа тоқталып: «Палестина үшін қарсыласу» атты терең стратегиялық диалог Құдс пен оның айналасындағы аудандарға таралып, басқыншылардың ерік-жігерін әлсіретті»,-деді.

Палестина халқының өз үйі мен жерінен қуылғанына 70 жылдан асты.  Күн сайын АҚШ Палестинаның мұсылман халқына қарсы жаңа қастандық жоспарлайды. ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі алғашқы Рамазан айында революцияның зұлымдықпен күресетінін баса айтып, Рамазан айының соңғы жұмасын «Құдс күні» деп атады. Бұл күн Палестина халқын қолдаудағы мұсылмандар мен әлемнің басқа да азаттық сүюшілерінің бірлігі мен әріптестігінің символына айналды. Бұл қатынас зорлық-зомбылық жасаушыларға қарсы тұру және жапа шеккендерді қолдаудың ИИР-ның негізгі тұғырларының бірі және Иран халқының бұл салада мықты ерік-жігерге ие екенін көрсетеді.

Соңғы жылдары Палестинаға қатысты түрлі оқиғалар болды. Исламдық қарсыласу қозғалысының үстемшілдерге қарсы майданы нығая түсті. Бірақ бұдан бұрын әлем халықтары нәсілшіл басқыншылардың өз ішінде құлдырағанына куә болды.

АҚШ-тың адам құқығын зерттеушісі Роберт Фантина бір мақаласында Оңтүстік Африка республикасының апартеид кезіндегі жағдайы мен сионистік режимнің нәсілшіл әрекеттердег ұқсастықтарын санамалап, көркемдік-ақпараттық кампаниялар өткізу және режимге қарсы қаржы-экономикалық санкциялар салу арқылы Израильді жою мүмкіндігін толығымен қисынды әрі ақылға сыйымды деп атады.

Израильдің қылмыскер режимі ешқашан ешбір жағдайда Палестина халқының аяққа тапталған құқығын қабылдамайтыны анық.  Иордан өзенінің батыс жағалауын аннекциялау арқылы Палестина халқының құқығын шетке ысырғысы келетін АҚШ Президентінің «Ғасыр мәмілесі» сияқты әрекеттері Израиль режимін толық жойылудан сақтауды көздейтін айла ғана.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммед Бағери сәрсенбі күні Дүниежүзілік Құдс күніне орай жасаған жолдауында тура осы жайтты атап өтті. Ол Палестина мәселесіне қатысты өзгерістерге реалистік көзқарас білдіріп, Палестина халқының интифазасын басып алынған жерлерден асып, тағдыр айқындайтын кезеңге аяқ басқан қозғалыс деп атап: «Тель-Авив көшелерінде басқыншы Израильдің соңы жақындап қалғаны туралы сөздер естіліп жатыр», - деді.   

 

Сараптама