Maм 22, 2020 15:17 Asia/Almaty
  • Палестина апатының басты қылмыскерлері – Батыс елдері мен солардың зұлым саясаты

Ислам революциясының жетекшісі Палестина елін басып алу оқиғасы мен сионистік «обырдың» қалыптасуына тоқталып: «Палестинаны басып алу оқиғасының басты қылмыскерлері – Батыс елдері мен солардың зұлым саясаттары»,-деді.


Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жұма күні Дүниежүзілік Құдс күніне орай сөйлеген сөзінде Иранда Ислам революциясының жеңіске жетуінің Палестина күресінде жаңа тарауды ашқанын айтып: «Алғашқы қадамнан бастап, яғни сионистерді қуудан ауқымды саяси белсенділіктерге дейін бәрі бүкіл аймақта қарсыласу майданының қалыптасуына себеп болып,  жүректерде мәселенің шешілетініне үміт тудырды»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі қазіргі таңда қарсыласу қозғалысының мерейі үстем болып, үміті артып, жаңа күш тартып дамып, ал зұлым, күпір әрі үстемшіл күштердің күн өткен сайын әлсіреп, үмітсізденіп жатқанын айтып: «Бұл сөзіміздің айқын дәлелі мынада: бір күні жеңілместей мықты, найзағайдай жарқылдап тұрған сионистік армия бүгінде Ливан мен Газадағы халықтық күрескер күштердің алдында кері шегініп, жеңілгенін мойындауға мәжбүр. Бұған қарамастан күрес алаңы әлі де қатерлі әрі өзгермелі, ұдайы бақылауда ұстауды қажет етеді. Күрес тақырыбы – аса маңызды, өміршең әрі тағдырды анықтайтын мәселе»,-деді.  

Хазірет аятолла Хаменеи үстемшілдік пен сионизмнің басты саясатының мұсылман қоғамдарында Палестина мәселесін солғындатып көрсетіп, ұмыттыру екенін айтып: «Ең маңызды міндет – ислам елдерінде дұшпандардың саяси-мәдени жалдамалылары жасап жатқан осы қиянатпен күресу»,-деп қуаттады.  

 

Тегтер

Сараптама