Maм 22, 2020 16:22 Asia/Almaty
  • Құдс күні – мұсылмандардың исламдық мақсаттарды қорғаудағы бірлігінің символы

ИИР Президенті Рухани бейсенбі күні кешке Дүниежүзілік Құдс күніне орай жасаған жолдауында «Құдс – Палестина астанасы» деген ұғымның өзгермейтініне тоқталып: «Рамазан айының соңғы жұмасында Палестинаның жапа шеккен халқын қолдау үшін рәсімдер өткізу – мұсылмандардың исламдық арман-мақсаттарды қорғаудағы бірлігі мен табандылығының символы»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани осы жолдауда Дүниежүзілік Құдс күнін тағдырды анықтайтын ұлы күн деп атап: «Күрескерлер мен сабыр сақтаушылардың соңында жеңіске жететіні анық»,-деп қуаттады.  

Рухани Иран халқының Палестинаның арман-мақсаттарын қолдауын жалғастыратынына тоқталып: «Иранның ержүрек, қырағы халқы революциялық арман-мақсаттардан шабыт алып, имам Хомейнидің әлемде зорлық-зомбылық көрген халықтарға, әсіресе Палестинаның қорғансыз халқына қолдау көрсету қажеттігі туралы сөздеріне сүйеніп, әрдайым ағартушылық қозғалыстың бастаушысы мен ілгерілетушісі болды»,-деді.

 

 

Сараптама