Maм 22, 2020 18:15 Asia/Almaty
  • Иран СІМ: Сионистік режим – адамдарды жаппай қыратын «машина»

Иран СІМ: «Израиль режимі – өз болмысында адамдарды жаппай қыру машинасы. Ол ешбір заң мен ережеге бағынбай, палестиналықтардың жанын алып, құрбандыққа шалып жатыр»,-деп баса айтты.

Иран СІМ  Дүниежүзілік Құдс күніне орай Твиттерде жазған жазбаларында сионистік режимнің жүргізіп отырған геноциді мен соғыс қылмыстарына тоқталып: «Израильдің апартеидтік режимі жазықсыз палестиналық балаларды нысанаға алуда мол тәжірибеге ие. Қаза болған барлық балалар қарусыз еді. Олар тек азаттық пен әділдік іздеп шыққан. Бірақ ереже танымайтын израильдік әскерилер тарапынан оққа ұшты»,-деді.

Твиттердегі келесі бір жазбада жүйелі түрде азаптаудың Израиль болмысының бір бөлігі екенін айтып: «Израиль – жазықсыз палестиналықтарды азаптап, өлімші халге жеткізу деген дәстүрлі саясат ұстанатын қатігез сионистік режим. Израильдің жүйелі түрде азаптауы бүкіл заңға, соның ішінде тіпті алғашқы қауым құқығы мен адамның бастапқы құқықтарына қайшы»,-деді.

 

Тегтер

Сараптама