Maм 23, 2020 16:41 Asia/Almaty

ИИР Президенті Хасан Рухани жұма күні Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханға хат жолдап, Карачи әуежайы маңындағы жолаушы тасымалдайтын ұшақ апатына өкініш білдіріп, Пәкістан үкіметі мен халқына және апатта құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Пәкістан халықаралық әуе компаниясының (PIA)  ұшағы кеше, жұма күні Карачи маңындағы тұрғын үйлер аймағына құлады. Airbus A320 ұшағы Лахор қаласынан Карачи әуежайына бағыт алған. Пәкістанның авиациялық басқармасы соңғы мәлімдемесінде мотордың істен шығуы мен дөңгелектерінің ашылмауын және тағы басқа техникалық ақауларды 107 жолаушы мен экипаж мүшелерінен тұрған ұшақтың апатқа ұшырауына себеп болғанын жариялады.  

 

 

 

Тегтер

Сараптама