Maм 23, 2020 16:50 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқына қолдау көрсетуді бүкіл адамзаттың міндеті деп атап: «АҚШ, әсіресе бұл елдің қазіргі үкіметі сионистік режимнің бүкіл қылмысына ортақ»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында видеоконференция түрінде өткен Instagram online бағдарламасының Дүниежүзілік Құдс күні рәсімінде биыл әлемдік эпидемияның Палестинаның мақсаттары мен армандарына табанды халықтың қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасында өтетін шеруге жиналуына кедергі болғанына тоқталып: «Біз Израильдің Палестина халқына қарсы шапқыншылығы мен Палестинадағы адам құқығының бұзылуын тоқтатуды талап етеміз. Сионистік режимді қолдайтын мемлекеттер әлсіз. Мәселе исламдық елдер мен исламдық үкіметтер өткен 70 жылда палестиналықтар мен Палестина халқының армандарын қолдай алмағанында болды. Өз мақсаттарымызды Палестина армандарымен сәйкестендіріп, әлемдік қатыгездіктің жалғасуына рұқсат етпейік»,- деп қуаттады.

 

 

Тегтер

Сараптама