Maм 23, 2020 20:27 Asia/Almaty
  • «Құдс» күні – мұсылмандардың исламдық армандарды қорғаудағы табандылығы мен бірлігінің көрінісі

Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы – Дүниежүзілік "Құдс" күні.

ИИР Президенті Хасан Рухани бейсенбі күні кешке Дүниежүзілік «Құдс» күніне арналған жолдауында Құдстың Палестина астанасы екенін қуаттап: «Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасында өтетін Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқын қолдау рәсімі – мұсылмандардың исламдық армандарды қорғаудағы табандылығы мен бірлігінің көрінісі»,- деді. Бұл күн бірнеше тұрғыдан маңызды: біріншіден, Дүниежүзілік «Құдс» күні Израильдің басып алынған және босқынға айналған халқына қарсы қылмыстарын айыптау әрекетінде көрінетін Палестина мәселесінің адами тұрғысы; екіншіден, Палестина халқының құқығын халықаралық құқық және кез келген басқыншылықтан бас тарту тұрғысынан үздіксіз қорғаудың қажеттілігі; үшіншіден, Дүниежүзілік «Құдс» күнінің маңыздылығы Палестина халқы мен жерінің бастапқы иелерінің тағдырды  анықтау құқығын қуаттау. Бұл тақырыптың әрбіреуі ислам әлемі үшін Палестина тағдырының маңыздылығын білдіреді. Сондықтан ешбір оқиға бұл тақырыпқа немқұрайдылық танытуға рұқсат етпейді. Иран Президенті: «Палестина халқы басқа халық сынды өз тағдырын өзі шешу құқығына ие. Шетелдік мигранттар емес, Палестинаның негізгі халқы  – мұсылмандары, христиандары мен яһудилері, қай жерде болмасын референдумға қатысып, Палестинаның келешегін белгілеуі керек. Бұл үкімет өткен жылдарда осы елге көшіп келген палестиналық еместердің құқықтарын анықтайды. Бұл әділ және қисынды жоба. Әлемдік қоғамдық ой-пікір оны дұрыс түсініп, тәуелсіз халықтар мен үкіметтердің қолдауына ие бола алады»,- деді. Сионистік режимнің басқыншы саясаттарының Палестина халқы құқықтарының бұзылуына себеп болғанына күмән тумайды. Бұл үдеріс ұзақ мерзімді және сепаратистік мақсаттары мен ислам әлеміне іріткі салуымен аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы қоқан-лоққы саналады. Осыған орай, Дүниежүзілік «Құдс» күні – басқыншы режимді айыптау ғана емес, ислам үмбетінің АҚШ пен Израиль мен одақтастарының «Ғасыр мәмілесі» сынды қастықтарына қырағылығының белгісі.

 

 

 

Сараптама