Maм 24, 2020 20:11 Asia/Almaty
  • Рухани  Америкаға Иран мен Венесуэланың теңіз саудасына араласуына қатысты ескерту жасады

ИИР Президенті америкалықтардың Кариб теңізіндегі әрекеттеріне тоқталып: «Егер ирандық танкерлер Кариб теңізінде немесе әлемнің кез келген жерінде америкалықтар тудырған қиындықтармен бетпе-бет келсе, олар да қиындыққа ұшырайды»,- деді.

Хасан Рухани сенбі күні телефон арқылы Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамд әс-Санимен телефон арқылы сөйлесіп: «Иран әрқашан егемендігі, территориялық тұтастығы мен ұлттық мүддесін қамтамасыз етуді өзінің заңды құқығы санайды. Соған қарай америкалықтардың қателік жасамайтынына үміттенемін»,- деп мәлімдеді. Иран мен Венесуэланың теңіз саудасы америкалықтардың әртүрлі реакциясымен бетпе-бет келді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранға қарсы санкцияларын күшейткен АҚШ-тың қазіргі үкіметі бүгінде ирандық танкерлердің азат суларындағы еркін әрекеттеріне төзе алмай отыр. Ирандық танкерлердің Венесуэлаға қарай бет алуы теңіз саудасының маңыздылығын көрсетеді. Қазіргі таңда әлемдік сауданың 90 пайыздан астамы теңіз қатынасы арқылы жасалады. Мұндай жағдайда халықаралық суларда сауда жасау белгілі бір елге ғана тиесілі емес. Барлық ел теңіз құқығын пайдалана алады. Әлемдік сауданың қомақты бөлімінің су жолы арқылы жасалуы, теңіздегі мұнай мен газ қорлары мен теңіз қауіпсіздігінің маңыздылығы мемлекеттер үшін ерекше маңызды. Өйткені теіз саудасының әсіресе қазіргі жағдайдағы әлем халықтарының экономикасы мен тұрмысына тигізетін рөлін теріске шығаруға болмайды. Иранның географиялық жағдайы мен оңтүстігінде Парсы шығанағы мен Оман теңізі арқылы азат суларына,  солтүстігінде Каспий теңізі жағалауындағы елдерге қосылуы кеме қатынасы үшін маңызды саналады. Иран теңіз саудасының стратегиялық рөлімен бірге теңіз бен азат суларындағы қауіпсіздікті қуаттайды. Иран армиясы теңіз күштері флотының халықаралық сулардағы міндеттері теңіз қауіпсіздігіне жету саласындағы ынтымақтастығын көрсетеді. Ирандық танкерлердің Венесуэлаға қарай бет алуы халықаралық заңдарда көрсетілген заңды құқығы. Сондықтан АҚШ тарапынан жасалатын кедергілер Иранның қатаң реакциясымен бетпе-бет келеді. Иран тарих бойында соғыс бастаған жоқ. Батыс Азия аймағындағы қарсыласу ағымының көшбасшысы сардар Ғасем Солейманиді террор ету мен Иранның қайтарған қатаң жауабы Теһранның өз егемендігі, территориялық тұтастығы мен ұлттық мүддесін қамтамасыз етуін өзінің заңды құқығы деп санайды. Коронавирус пандемиясымен бетпе-бет келген әлемнің қазіргі жағдайында мемлекеттер әсіресе медициналық және экономикалық салалардағы экономикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударады. Иран мен Венесуэланың теңіз саудасын дәл осы тұрғыдан бағалауға болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

 

Тегтер

Сараптама