Maм 25, 2020 20:10 Asia/Almaty
  • Лариджани: Ливанның оңтүстігін азат ету аймақтағы маңызды өзгерістердің бастамасы болды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани: «Ливанның оңтүстігін азат ету аймақтағы маңызды өзгерістердің бастамасы болды. Ол қарсыласу қозғалысының сионистік режимді жеңіп, басып алынған жерлердің толық азат етілуіне ұласады», - деді.


Әли Лариджани жексенбі күні Ливан Парламентінің төрағасы Набиһ Берриге жолдауында Ливанның оңтүстік жерлерінің сионистік режимнің қол астынан азат етілген күнінің жылдығымен құттықтап: «Бұл үлкен оқиға – аймақ халқының Құдсты басып алған режиммен күрес тарихындағы алтын парақ. Ол Израильдің жеңілмейтіні туралы қиялды жойып, оның жалған екенін баршаға әшкере етті»,‑деді.

Сионистік режим 2000 жылдың 25 мамырында әскери күш‑қуатының зор болғанына қарамастан, Ливанның қарсыласу күштері алдында тізе бүгіп, осы елдің оңтүстігінен кері шегінуге мәжбүр болды.

Ливан халқы жыл сайын сионистік режимнің соңғы әскери бөлімшесінің Ливанның оңтүстігінен кері шегінген күнін Жеңіс және қарсыласу күні ретінде тойлайды.  

 

Тегтер

Сараптама