Maм 27, 2020 19:46 Asia/Almaty
  • Хаменеи: Имам Хомейнидің Парламенттің бастылығы туралы түсініктемесі оның рөлі мен міндетін толық түсіндірді

Ислам революциясының жетекшісі Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымының жұмысын бастауына байланысты жолдауында Парламенттің істің басшысы болуы үшін белсенді, тұрақты, адал, сенімді және елдің жағдайы мен басымдықтарын білетін депутаттардың қажеттілігін қуаттады.

Бүгін, сәрсенбі күні таңертең Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы жұмысын бастау рәсімінде Мұхаммад Мұхаммади Гүлпайгани оқыған жолдауда аятолла Хаменеи экономика мен мәдениеттің елдің басты мәселелері екенін қуаттап, депутаттардың назарын қоғамның әлсіз топтарының тұрмысын басты мәселеге айналдыруға, жұмыс орындарын ашуға, өндіріс үдерісі   және инфляция сынды экономикалық негіздерді түзетіп, бақылау міндеттерін орындау кезінде тақуа және адал болуға, маңызды оқиғаларға революцияшыл ұстаным білдіруге,  атқарушы және сот билігімен бауырластық қатынас орнату мәселелеріне аудартты. Ислам революциясының жетекшісі Парламенттің жаңа кезеңінің басталуына ризалығын білдіріп: «Егер заңды Конституциямызда белгіленген мақсаттарға жететін жол деп білсек, Мәжіліс оған табанды болуы керек»,- деді. Аятолла Хаменеи  баршаның заң жолымен жүру қажеттігіне тоқталып: «Егер заң дұрыс және іске асыруға тиімді болып, оны іске асыру кепілдіктері дұрыс қолданылса, ел өзінің жоғары мақсаттарына жетеді»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер

Сараптама