Maм 28, 2020 18:37 Asia/Almaty
  • Мұхаммед Бағер Қалибаф Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы болып сайланды

Мұхаммед Бағер Қалибаф Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші шақырылымының бірінші сессиясының төрағасы болып таңдалды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші шақырылымының депутаттары бүгінгі ашық жиналыста Мұхаммед Бағер Қалибафты 264 дауыстың 230-ымен Мәжілістің бірінші сессиясының төрағасы етіп сайлады.

2020 жылы 21 ақпанда Иранның  208 сайлау учаскесінде Ислам Кеңесі Мәжілісінің он бірінші шақырылымына 290 өкіл сайлау шарасы 24 млн 500 мың адамның қатысуымен өтті.     

Тегтер

Сараптама