Маусым 02, 2020 15:11 Asia/Almaty
  • Зариф: «Тіземен мойынды басу» тактикасы іске жарамайды

ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке америкалық қара нәсілді Джордж Флойдты АҚШ полициясы өлтіргеніне тоқталып: ««Тіземен мойынды басу» тактикасы осыдан екі жыл бұрын 80 милллион ирандыққа қарсы қолданылды. Бірақ ирандықтарды бағындыра алмады, тегі африкалық америкалықтарды да бағындыра алмайды».- деді.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мохаммад Джавад Зариф Twitter-де: ««Тіземен мойынды басу» тактикасы соны әдіс емес. Өтірік айту, алдау мен ұрлыққа әдеттенгендер өткен екі жыл бойы осы әдісті 80 миллион ирандыққа қарсы қолданып, оны «мейлінше қысым көрсету» деп атады. Бұл әдіс ирандықтарды бағындыра алмады, тегі африкалық америкалықтарды да бағындыра алмайды»,- деп жазды.

 

 

Сараптама