Маусым 02, 2020 16:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразия экономикалық одағының сауда көлемі 2 миллиард доллардан асты

Иран Кеденінің баспасөз өкілі 2019 жылдың 27 қазанынан осы күнге дейін Ислам республикасы мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы сауда мөлшерінің 2 млрд. 112 млн. долларға жеткенін хабарлады.

Рухолла Латифи кеше, дүйсенбі күні Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы бүкіл сауда көлемінің шамамен 584 млн. долларының экспортты құрайтынына тоқталып: «Ресей, Армения, Қазақстан мен Қырғызстан – Иран экспортының негізгі бағыттары»,- деді. Латифи Иранның Еуразия экономикалық одағына экспорттайтын тауарлары жөнінде: «Иран экспортының негізгі 20 тауарының ішінде жаңа піскен алма, жаңа және кептірілген пісте, жаңа піскен киви мен мейіз көбірек экспортталады»,- деді.

Иранның Еуразия экономикалық одағына қосылуымен тұспа-тұс бірінші қадамда одаққа мүше мемлекеттерге шамамен 80 пайызға  төмендетілген тарифпен Иранның 700-ден астам өнімі ұсынылды.

 

 

 

Сараптама