Маусым 02, 2020 16:20 Asia/Almaty
  • Раиси: АҚШ полициясының азаматтарына қарсы қылмыстары бұл елдің бетпердесіз түрін көрсетті

Иранның Жоғары соты Раиси АҚШ полициясының өз елінің азаматтарына қарсы зорлық-зомбылықтарына тоқталып: «АҚШ полициясының қара нәсілді жігітті өлтіруі бұл елдің бетпердесіз түрін көрсетті»,- деді.

Сейед Ибрахим Раиси бүгін, дүйсенбі күні сот басшылары жоғары кеңесінің апталық отырысында АҚШ-тың билеп-төстеуші жүйесіндегі нәсілшілдікке тоқталып: «АҚШ халқының наразылықтары – ондаған жылдар бойы, әсіресе елдің қара нәсілділерінің үстемшіл жүйеге қарсы ашуының көрінісі. АҚШ БҰҰ-ның орталығы болғанымен, бұл нәсілшіл режим халықаралық негіздерді бұзушылардың зоры»,- деп қуаттады. Иранның Жоғары соты АҚШ билігінің дәрменсіздігінің коронавирус салдарынан 100 мыңнан астам азаматының өліміне себеп болғанына назар аудартып: «АҚШ халқы және Батыс үкіметтерінің зорлық-зомбылығын көрген бүкіл халықтар өздерінің шындық пен әділет талап ету құқықтарына жетеді»,- деген үміт білдірді.   

 

 

Сараптама