Маусым 02, 2020 20:16 Asia/Almaty
  • Имам Хомейни мен ИИР-ның басқа елдермен қарым-қатынасы

Имам Хомейни үстемшіл мемлекеттерге қарсы табандылық пен қарсыласуды қуаттап, басқа елдермен қарым-қатынас орнатуда анық саясат ұстанды.

 Имам Хомейнидің ислам елдерімен қарым-қатынас орнатқан кездегі  алғашқы және маңызды негізі ислам елдерімен байланыста ұлтшылдық немесе этноцентрлік көзқарас ұстанбауы болды. Имам   мұсылмандарды біртұтас үмбет, ал ислам елдерін бір қаланың махаллалары деп санады.  Имам Хомейнидің пікірінше, олар бір-біріне жақын болып, ислам заңдарына бағынып, бірігуге міндетті. Имам Хомейнидің басқа елдермен қарым-қатынасындағы маңызды келесі негіздерінің бірі өзара құрмет болды. Иран Ислам революциясының негізін қалаушылар сыртқы саясатта басқа елдермен өзара әрекеттесу керек деп, өзара әрекеттестіктің негізгі шартын өзара құрмет санап, бұл салада зұлымдыққа бағынбайтынын, ешкімге зұлымдық жасамайтынын мәлімдеді. Имам  Хомейнидің басқа елдермен қарым-қатынас орнату саласындағы келесі негізі бейбітшілік негіздерін ұстануы болды. Имам бейбітшілік талап етуді діни негіз ретінде баяндады. Имам бұл туралы: «ИИР халқы мен үкіметі Құран мен Исламның қасиетті ахкамына бағынады. Құран Кәрімнің бұйрығымен мәдени және географиялық тұрғыдан өзін ислам елдерінің бауыры санап, барлық елдерге бейбітшілікте өмір сүруді, ешбір елдің жеріне шабуыл жасамай, Ислам ахкамына сай өмір сүруді тілейді»,- деді. Имам Хомейнидің келесі маңызды қағидасы басқа елдердің ішкі істеріне араласпауда. Бұл негіз имамның сыртқы саясатының ең маңызды негізі болды. Шын мәнінде имам Хомейнидің көқарасы бойынша бейбітшілік елдердің бір-бірінің ішкі істеріне араласпауы арқылы орнатылады.

 

 

Тегтер

Сараптама