Маусым 03, 2020 19:23 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Америкалықтар өз қатынастарымен әлемде абыройдан айырылды

Ислам революциясының жетекшісі соңғы күндері АҚШ-та болып жатқан оқиғаларды осы елде жасырылған шындықтардың әшкере болуы деп атап: «Америкалықтар өз қатынастарымен әлемде абыройдан айырылды»,-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи бүгін, сәрсенбі күні ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болғанына 31 жыл толуына орай теледидардан тікелей эфирде сөйлеген сөзінде АҚШ полиция қызметкерінің бір қара нәсілдінің мойнын өлгенше тізесімен басып, басқа бірнеше полиция қызметкерінің мұны тамашалап тұруының жаңалық емес екенін айтып: «Бұл қылмыс – АҚШ үкіметінің болмысы мен ақлағы. Ол көптеген елдерге, соның ішінде Ауғанстан, Ирак, Сирияға, одан бұрын Вьетнам еліне тура осындай қатынас көрсетті»,-деп еске салды.

Хазірет аятолла Хаменеи АҚШ халқының «Тыныстай алмаймын» деген қазіргі ұранын зұлымдыққа ұшырап отырған барлық халықтардың жүрек сөзі екенін айтып: «АҚШ коронавируспен күресті басқаруда әлсіздік танытты. АҚШ үкіметіне жасалған қысымдарға байланысты бұл елде вирусқа шалдыққандар мен қаза болғандар саны басқа елдермен салыстырғанда бірнеше есе артық. Енді бұл үкімет өз халқына қатегіз қатынас көрсетіп, ашық түрде қылмыс жасап, кешірім де сұрамай отыр. Содан кейін «адам құқығы» деген әңгіме айтады. Ана өлген қара нәсілді кісі тіпті адам болмағандай, оның құқығы болмағандай»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ халқының өзінің бұрынғы және қазіргі үкіметтерінен үміт үзіп, ұялып отырғанына тоқталып: «Қазіргі жағдайда АҚШ-ты қолдап, оны жарнамалаумен айналысқан адамдар бас көтере алмай отыр»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің басқа бір бөлігінде өзгерісті қалау, өзгеріс ұсыну және өзгеріс тудыруды имам Хоменйидің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі деп атап: «Ислам қозғалысы басталғанда халықта болашақ көкжиегі туралы ой болмады. Алайда имам Хоменйи бұл көкжиексіз көзқарасты халықтың қазіргі бағытына, яғни болашақта біртұтас ислам үмбетін құру және жаңа ислам өркениетін қалыптастыру мақсатына алмастырды»,-деді.

 

Тегтер

Сараптама