Шіл 02, 2020 18:05 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі: Парсы шығанағы біраздан бері АҚШ қылмыстарының куәсі болуда

Иран Сыртқы істер министрлігі ИИР-ның жолаушы ұшағы апатының жылдығында Парсы шығанағының біраздан бері АҚШ қылмыстарының куәсі болуын қуаттады.

 

Иран Сыртқы істер министрлігі осыдан 23 жыл бұрын АҚШ-тың Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағын әдейлеп құлатқанын жариялап: «Бұл апатта 290 адам қаза болды. Бірақ осы күнге дейін АҚШ кешірім сұрамады және өкінішін де білдірмеді»,- деді.  1988 жылдың 3 шілдесінде Парсы шығанағы суларының үстінде Иранның оңтүстігінен Дубайға бет алған ИИР-ның жолаушы тасымалдайтын ұшағы америкалық «Винсеннес» крейсерінің екі зымыранымен атылып, оның 290 жолаушысы, олардың ішінде 66 бала мен 53 әйел және экипаж мүшелері шәһид болды.

 

Тегтер

Сараптама