Шіл 04, 2020 15:24 Asia/Almaty
  • Ирандық төрт дипломат ұрланған күн

Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың қолдауымен Ливанда ирандық төрт дипломаттың ұрланған күнінің жылдығында Ислам республикасының олардың ұрлануы және лаңкестік әрекетке сионистік режим мен оның қолдаушылары жауапты деп санайтынын қуаттады.

 

1982 жылдың 5 маусымында сионистік режимнің жалданушылары Иранның төрт дипломаты, атап айтқанда Сейед Мохсен Мусави, Ахмад Мотаваселиан, Казем Ахаван жәнеТақи Растегар Мұқдамды Ливан жерінде ұрлап кетті.

ИИР Сыртқы істер министрлігі жұма күні өз баяндамасында: «Деректер 1982 жылы Ливанның солтүтсігінде ұрланған ирандық дипломаттардың сионистік режинің әскерилеріне тапсырылып, кейін басып алынған жерлерге ауыстырылғандарын және қазіргі кезде заңсыз Израилль режимінің түрмесінде екендерін көрсетеді»,- деп мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрлігі халықаралық қауымдастық пен адамзат құқығы туралы уәжденетін ұйымдардың бұл лаңкестік әрекетке үнсіз қалуына өкініш білдіріп: «Сионистік режим АҚШ-тың қолдауымен қылмыстары мен халықаралық заңдарды бұзуды жалғастыруда және бұл мәселе туралы жауапты өз мойынан алудан бас тартып отыр»,- деді.  

 

Тегтер

Сараптама