Шіл 08, 2020 16:10 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы сауда айналым 2 миллиард доллардан асты

Ресейдегі Иран елшісі Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы сауда айналым 2019 жылдың 27 қазанындағы преференциялық сауда келісімі орындала бастағаннан бері 2 миллиард 417 миллион долларға жеткенін хабарлады.

 

Казем Джалали сейсенбі күні Иран мен Еуразия экономикалық одағының ортақ сауда жұмыс тобының отырысында Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы сауда айналымның 72 пайызын импорт және 28 пайызын Иранның экспорты құрайтынын мәлімдеді. Джалалидің айтуынша, Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы преференциялық сауда келісімнің орындалуы Иранның шекаралас елдермен экономикалық қарым-қатынастарын дамытуға себеп болды.

Иранның Еуразия экономикалық одағына қосылуымен тұспа-тұс бірінші қадамда одаққа мүше мемлекеттерге Иранның 700-ден астам өнімі шамамен 80 пайызға  төмендетілген тарифпен ұсынылды.

 

Тегтер

Сараптама