Шіл 09, 2020 15:38 Asia/Almaty
  • Иранның Қазақстанға экспорты 13 пайызға артты

Иранның сауданы дамыту ұйымының еуропалық және американдық кеңсесінің бас директоры мемлекеттік сектордың, Иран-Қазақстан бірлескен палатасының, Иранның сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығы палаталары мен жеке сектор өкілдерінің қатысуымен экспорттық кедергілерді жою қажеттілігін және экспорт жолдарын дамыту тақырыптарды талқылауға арналған отырыстың өткенін хабарлады.

 

Иранның сауданы дамыту ұйымының мәліметінше, Беһруз Ульфат Қазақстанды Еуразия экономикалық одағының маңызды мүшесінің бірі деп атап: «Иранның бұл елге жасаған экспортыағымдағы жылдың екі айында өткен жылдық ұқсас мерзімімен салыстырғанда 13 пайызға артты»,- деді. Ол Қазақстан  отырысында талқыға салынған тақырыптар туралы: «Көлік жағдайы, әсіресе транзиттік тасымалдауды  арттыру, тоңазытқыш кантейнерлерді дайындау, Ақтауда логистикалық орталық құру және банкілік мәселелерді шешу, виза беруді жеңілдету, сауда орталық құру, экспорттық мүмкіндіктерді арттыру, өнеркәсіптік және кен, әсіресе транс шекаралық ауылшарушылық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды»,- деп мәлімдеді.

Тегтер

Сараптама