Шіл 10, 2020 16:12 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирус жұқтырғандардың саны артуда

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы бейсенбі күні соңғы 24 сағаттың ішінде бұл елде 2079 адамның коронавирус жұқтырғандары, олардың ішінде 995 адамның ауруханаларға жатқызылғаны және қалған науқастарға амбулаториялық қызмет көрсетілгенін хабарлады.

 

Сима Садат Лари Иранда жалпы коронавирусқа шалдыққандар санының 250458 адамға жеткеніне тоқталып: «Өткен 24 сағатта 221 адамның қайтыс болуымен,  COVID-19 вирусынан елде жалпы 12305 адам қаза болды»,- деді.

Әлем бойында коронавирустан зардап шеккендердің саны 12120000-нан асты және олардың ішінде 552000 жуық адам қаза болды, сондай-ақ кемінде 7 миллион адам айықты.

 

Сараптама