Шіл 10, 2020 16:47 Asia/Almaty
  • Рухани: Ирандағы ірі өнеркәсіптік жобалардың іске қосылуы санкциялардың сәтсіздікке  ұшырағанын көрсетті

ИИР Президенті 6 ірі өнеркәсіптік және кен жобаны іске қосу рәсімінде бұл жобалардың бір күнде іске қосылуын Ислам республикасының дамуының алдын алуды көздеген санкциялардың сәтсіздікке ұшырағанының белгісі екенін қуаттады.

 

Хасан Рухани бейсенбі күні Систан-Балучистан, Фарс және Исфаһан облыстарында видео конференция форматында алты ірі өнеркәсіптік жобаны іске қосты. Рухани ирандық экспорттаушыларды АҚШ-тың экономикалық лаңкестігіне қарсы күрестің сарбаздары мен сардарлары деп атап: «Дұшпандар және олардың көшбасшысы АҚШ Иранды қажет валютамен қамтамасыз ету саласында қиындыққа тіреуге талпынуда, бірақ АҚШ-тың бұл қастығы ішкі өндірістің белсенділігімен сәтсіздікке ұшырады»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама