Шіл 10, 2020 21:12 Asia/Almaty
  • АҚШ мемлекеттік терроризмі әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіреді

Ирак жеріндегі Сардар Ғасем Солейманиге қарсы террор халықаралық заңдарды бұзу мен АҚШ-тың мемлекеттік лаңкестігінің көрінісі.

 

Адам құқығы мәселесі жөніндегі арнайы баяндамашысы Агнес Калламард Ғасем Солейманиге қарсы террорды халықаралық заңдар мен БҰҰ Жарғысын бұзу екенін мойындады.  БҰҰ-ның бұл әрекетіАҚШ үкіметінің ашуымен бетпе-бет келді және Дональд Трамп үкіметінің сардар Солейманиді террор етуін қолдады. Сардар Ғасем Солеймани  Батыс Азия аймағындағы лаңкестікпен күресудің қолбасшысы ретінде АҚШ үкіметінің мақсатты саясаттарының алдында шынайы кедергі болды. Сардар Солеймани Ирак пен Сирия халқының қарсыласу тобының қасында Ақ үйдің қолдауына ие ДАИШ лаңкестігімен күресті. Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің сол кездегі қолбасшысының Сирия мен Ирактағы әрекеттері бұл екі елде лаңкестерден тазарту мен аймақтағы тұрақтылық, қауіпсіздік және бейбітшілік орнату болды. АҚШ-тың әртүрлі лаңкестік топтады қолдау әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қатерге тіреді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Аббас Мусави бейсенбі күні: «Шәһид Солеймани аймақ пен әлемдегі ДАИШ лаңкестігінің таралуына қарсы тұрған әсерлі күш болды»,- деді. Сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет АҚШ-тың мемлекеттік лаңкестігі мен халықаралық заңдардың бұзылуы болуымен бірге әртүрлі лаңкестік топтардың болуы Батыс Азия аймағындағы АҚШ ойындарымен біржақты екенін көрсетті. Халықаралық ұйымда, әсіресе БҰҰ-ның АҚШ-тың зорлық-зомбылығы мен біржақты саясатына немқұрайдылық білдіруі әлемдік салдарларына әкелуі мүмкін. Кеше сардар Солеймани террор жасаcа, бүгін АҚШ коронавируспен күресуге немқұрайдылық білдіріп, Дүниежүзілік Денсаулық ұйымынан шықты. Бұл заңсыз әрекеттер  адамзаттың басты негіздері саналатын бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қауіп-қатерге тіреді.

 

Тегтер

Сараптама