Шіл 12, 2020 20:17 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық қатынастар туралы қауесеттер таратылды

Иран мен Қытайдың 25 жылдық ынтымақтастық жөніндегі жан-жақты құжаты бірнеше күннен бері кейбір саяси топтар және ақпарат құралдар негізсіз күдік-күмәндерінің куәсі болды. Бұл тақырыпқа ИИР басшылары реакция білдірді.

 

Осыған байланысты Қытайдағы ИИР елшісі Мұхамад Кешаварззаде Twitter-дегі парақшасында: «Иран мен Қытайдың 25 жылдық ынтымақтастық жөніндегі жан-жақты құжаты бойынша Киш аралының қытайлықтарға тапсырылғаны немесе Иранда қытайлық әскери күштердің орналасуына рұқсат етілуі туралы күлкілі хабарлар Иранның ұлы халқына тіл тигізу болып табылады»,- деп жазды.  АҚШ Мемлекеттік хатшысы  Twitter-де Иран-Қытай ынтымақтастық құжатын  «Түркменчай» деп атап. Бұл екі елдің қатынастарын шектеулі көрсетуге талпынды. Бұл   әрекеттер әлемнің энергетикалық державаларының бірі саналатын Иран мен АҚШ-тың саяси және экономикалық бәсекелесі Қытаймен стратегиялық және ұзақ мерзімді ынтымақтастық етуінің АҚШ басшыларының мүдделеріне сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Аталмыш келісімге осыдан бес жыл бұрын Синь Цзин Пинның Теһран сапары және екі елдің басшылары пікір алмасқан соң қол қойылды. 

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи 2015 жылдың ақпан айында Синь Цзин Пинмен кездесуінде кейбір мемлекеттер, әсіресе АҚШ-тың билікқұмарлығы және басқа елдермен әділетсіз ынтымақтастығына назар аудартып: «Бұл жағдай тәуелсіз елдердің өзара ынтымақтастығын арттыруына әкелді. Иран мен Қытайдың 25 ынтымақтастық жөніндегі келісімі екіжақты ерік-жігермен іске асырылуы керек»,- деді. Синь Цзин Пин де бұл кездесуде Иранның географиялық, адами және энергетикалық ерекшеліктеріне тоқталып: «Иран мен Қытай экономикасы бір-бірін жетілдіреді. Бұл сапада 25 жылдық ынтымақтастық келісімге қол қойдық. Сондай-ақ мәдениет, білім, технология, әскери және қауіпсіздік салалардағы ынтымақтастықты етерңдетуге дайынбыз»,- деді.

Әрине осыған орай Иран-Қытай қарым-қатынастарына қарсылық білдіру табиғи мәселе. Иранның географиялық әлеуеті мен тарихи байланыстарына қатысты Қытаймен қарым-қатынасы бұрыннан терең экономикалық қатынастарға негізделген. Қарым-қатынастың мұндай негізі екі ірі елдің ұзақ мерзімді қатынастарды жоспарлауын қажет етеді.

 

Тегтер

Сараптама