Шіл 13, 2020 16:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Дұшпандар Иранға қарсы мақсаттарына жете алмады

Ислам революциясы жетекшісі Иран халқының дұшпанның жүйеге қарсы кез келген әрекетіне қарсы тұрып, оны үмітсіз қалдыратынына тоқталып: «Жан-жақты қысымдар мен қатаң санкцияларына қарамастан дұшпандар Иранға қарсы мақсаттарына жете алмағандарын мойындайды»,- деп қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран Ислам кеңесі мәжілісі өкілдерімен видео форматта байланыс орнатып, елдің  мықты күші мен материалдық мүмкіндіктері  мен  ұлттың рухани және имандылық қабілеттеріне сілтеме жасап: «Елдің барлық мәселелерінің шешілетініне сенімдіміз. Мәжіліс мәселелер басымдығын белгілеп, маргиналданудан аулақ болып, халық үшін адал жұмыс жасап, мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлуі керек»,- деді. Аятолла Хаменеи Мәжілістің 11-ші шақырылымын революциядан кейінгі ең мықты әрі ең революцияшыл мәжіліс деп атап: «Ерік-жігер, иман мен білімге ие әрі іскер жастардың революцияшыл, атқару тәжірибесі мол басшылардың  қасында болуы, сондай-ақ құрамына бұрын Мәжіліс өкілі болған азаматтардың  енуі 11-ші Мәжілісті жақсы және перспективалық  мәжіліске айналдырды»,- деп сөзін жалғады. Ислам революциясы жетекшісі халықтың коронавирус пандемиясы толқынына қарсы тұруға қатысуын, халықтың әлсіз отбасыларға көмектесуін және сардар Солейманимен қоштасу рәсіміне жаппай қатысуын Иран халқының рухани байлығының көірінсі деп тауып: «Халық ирандықтардың ұлттық құдыреті мен жиһадының көрінісі яғни шәһид Солейманиді құрметтеп, үстемдіке қарсы күреске сенімді екендерін қуаттады»,- деді.    

 

Тегтер

Сараптама