Шіл 13, 2020 18:30 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусты анықтайтын құрылғы жасалды

Ирандық зерттеушілер коронавирусты және ауру белгісі жоқ науқастарды анықтайтын құрылғы жасап шығарды.

 

ISNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, коронавирусты анықтау үшін қақырықтағы реактивті оттегілердің мөлшерін зерттейді. Қақырықтағы реактивті оттегілер мөлшерінің артуы коронавирустың беліглерінің бірі саналады. Өйткені коронавирусқа шалдыққан адамдардың аурудың белгілері байқалмағанмен қақырықтағы реактивті оттегілердің мөлшері өзгереді. Аталмыш құрылғы бұл көрсеткішті пайдаланып,  ауруды анықтай алады. Бұл құрылғы 4 ауруханада 600-ден астам науқас адамның сынағына өтіп, оң нәтиже берді. Ол тек COVID-19 ғана емес, өкпе ауруларын анықтау үшін де қолданылатын болады.

 

Тегтер

Сараптама