Шіл 14, 2020 17:39 Asia/Almaty
  • Рухани: Елді мұнайға сүйенбей басқару экономикалық соғыстағы Иранның күш-қуатын көрсетеді

ИИР Президенті елді мұнайға мүмкіндікке қарай аз сүйеніп басқару экономикалық соғыстағы Ислам республикасы құдыретінің көрінісі екенін қуаттады.

 

Хасан Рухани сейсенбі күні үкіметтің экономикалық үйлестіру штабының отырысында америкалықтардың санкциялар енгізілгеннен кейін Иранның экономикалық дамуы тоқталады деп ойлағандарына тоқталып: «Қазіргі кезде ел мұнайсыз экономикамен басқарылуда. Бұл Иран хақы үшін экономикалық соғыстағы жеңіс»,- деді. Рухани сондай-ақ коронавирустың әлем елдерінің экономикалық жағдайына әсерін  тигізгеніне назар аудартып: «Тіпті кейбір дамыған елдер халқының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету саласында   қиындықтармен бетпе-бет келген жағдайда Иран ерекше шаралары, құрылымдардың   дайындығы және халықтың ынтымақтастығымен  бұл жағдайдан өтті»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер

Сараптама