Шіл 14, 2020 20:05 Asia/Almaty
  • Иран Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының бұл елге қарсы айыптауларына реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының Иранға қарсы негізсіз айыптарына реакция білдіріп, саудиялық шапқыншы коалицияның йемендік әйелдер мен балаларға қарсы шабуылдарын тоқтатуды қуаттады.

Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі бас хатшысы Таиф Фалах Мүбарак әл-Хаджраф дүйсенбі күні саудиялық және эмираттық режимге жағу үшін: «Иран қоршауға түскен Йеменге қару жібереді»,- деп уәжденді. Сейед Аббас Мусави сейсенбі күні: «Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі бас хатшысы Иранға қарсы негізсіз уәждерін жалғастырудың орнына йемендік әйелдер мен балаларға қарсы шапқыншы коалицияның шабуылдарын тоқтату және Йемен дағдарысын йемендік топтардың келіссөздері арқылы шешуге шоғырлануы керек.  Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің кейбір мүшелері қазіргі кезде аймақтағы араб және исламдық елдердің қалауларына қайшы АҚШ пен сионистік режимнің ислам әлемі мен қысым көрген Палестина халқының негізгі мәселелері мен қауіп-қатерлеріне үнсіздік білдіріп, Йемен халқының бомбалануы, бұл елдің қоршауға алынуы мен азық-түлік, жанармай мен коронавируспен күресуге қажет дәрі-дәрмекпен қамтылмауына немқұрайдылық танытуда.

  

 

Тегтер

Сараптама