Шіл 16, 2020 18:40 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран электр энергетикасының 90 пайызын  өзі қамтамасыз етеді

ИИР Президенті елдің электр энергетикасының 90 пайызын өзі қамтамасыз ететінін және келешекте толық қамтамасыз етілетінін қуаттады.

 

Хасан Рухани бейсенбі күні видео форматта өткен Хормозгон облысының су және электр саласындағы 18 ұлттық жобасын іске асыру рәсімде Джасак портының жақын арада Иран мұнайын импорттайтын маңызды сауда портына айналатынын мәлімдеді. Иран Президенті: «Революцияның басында халқымыздың 74 пайызы қалаларда таза сумен қамтамасыз етілді, қазір бұл мөлшер 99,9 пайызға жетті»,- деді. Рухани коронавирус падемиясы кезінде су мен тоқтың бұрынғыдан көбірек қажет екеніне және су  тапшылығының адамдардың өліміне әкелу мүмкіндігіне тоқталып: «Иран санкция енгізілген жағдайда су мен электр тоқ өнеркәсібі қажеттіліктерін жергілікті күшпен қамтамасыз ете алды»,- деп мәлімдеді.

 

 

 

Сараптама