Шіл 22, 2020 15:10 Asia/Almaty

Ислам революциясы жетекшісі Иранның территориялық біртұтастық пен ішкі бірлікке ие ғизатты Иракты көргісі келетінін қуаттап: «АҚШ шынайы дұшпан, ол Ирактың тәуелсіз, күшті және халықтың көптшілік дауысымен сайланған билікке ие болуын қаламайды»,- деді.

 

Ислам революциясы жетекшісі кеше, сейсенбі күні Ирак Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземимен кездесіп, Иранның Ирак үкіметінң әлсірететін кез келген әрекетке қарсы екеніне тоқталып: «ИИР үшін екіжақты қарым-қатынастарда аймақтың мүдделері, қауіпсіздігі, ғиззаты мен құдыреті және Ирактағы жағдайдың жақсаруы маңызды»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи америкалықтардың Иракқа деген көзқарасының Иранның көзқарасына қайшы екеніне назар аудартып: «Иран Ирактың АҚШ арасындағы қарым-қатынастарына араласпайды, бірақ ирактық достарымыз АҚШ-ты таниды және АҚШ-тың кез келген мемлекетте орналасуының қиратудан басқа еш нәрсе әкелмейтінін біледі деп ойламыз. ИИР Ирак үкіметі, халқы мен Мәжілісі америкалықтарды елінен шығару мәселені қарастыратынын күтуде, өйткені олар тынышсыздықтар тудырады»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи сардар Ғасем Солеймани  мен Абумәһди әл-Моһандеске қарсы террорды америкалықтардың орналасуының салдарларының бірі деп тауып, ИИР-ның бұл тақырыпты еш уақытта ұмытпайтынын және америкалықтарға міндетті түрде соққы беретінін қуаттады.

Ирак Премьер-министрі Ислам революциясы жетекішісімен кездесуіне ризалығын білдіріп, Иранның әртүрлі кезеңдерде, әсіресе ДАИШ тобы мен тәкфиршілерге қарсы соғысы кезіндегі Иракқа көрсеткен қолдауларына алғыс айтып: «Ирак халқы еш уақытта Иранның қолдауларын ұмытпайды. Тәкфіршілерге қарсы соғыста ирактықтар мен ирандықтардың қаны аралас төгілді»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама