Там 04, 2020 19:34 Asia/Almaty
  • Ауыр санкция жағдайында болса да, Иранның мұнай-химия өндірісінің әлеуеті 4 млн тоннаға артты

Иранның ұлттық мұнай-химия компаниясының директоры елдің мұнай-химия өндірісі әлеуетінің 4 млн тоннаға артқанын хабарлады.

Бехзад Мұхаммади сейсенбі күні елдің екінші мұнай-химиялық серпілісінде бір жыл ішінде орындалуы тиіс 27 жоба ұсынылғанын айтып: «Бұлардың 17-сі 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін жүзеге асырылады. Сонда мұнай-химия өнеркәсібінің әлеуеті қазіргі 66 млн тоннадан 90 млн тоннаға артатын болады»,-деді.

Мұхаммади Иранның мұнай-химия өнеркәсібінің алдағы бір жылда 100 млн тоннаға жетіп, 25 млрд доллар табыс әкелетінін айтып: «Алдағы бейсенбіде Иранда 3 ірі жобаның ашылу рәсімі өтеді. Сөйтіп, елдің мұнай-химия әлеуетіне 4 млн-нан аса тонна қосылатын болады»,-деп еске салды.  

Мұнай-химия өнімдерін экспорттау арқылы Иран экономикасына жылына 17 млрд-тан аса доллар құйылады.

Сараптама