Там 14, 2020 00:54 Asia/Almaty
  • Намаки: Коронавирусқа қарсы ирандық вакцина жуырда клиникалық сынақтан өткізіледі

Иран Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы ирандық вакцинаның адамға сынау кезеңіне жеткенініне тоқталып: «Жуырда вакцина клиникалық сынақтан өткізіледі»,-деді.

Саид Намаки сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде коронавирусқа қарсы вакцинаның өндірілгені туралы: «Иранның іргелі ғылымға негізделген компаниялары вакцина өндіру саласында клиникалық сынақ кезеңіне жетті»,-деді.

Намаки әлемде вакцина туралы сөз көп екенін айтып: «Ирандық вакцина немесе басқа елдердің вакцинасы нарыққа қашан шығарылатыны, нарыққа шыққан вакцинаның қорғаныс қабілетінің қаншалықты болатыны беймәлім»,-деді.

Намаки, сондай-ақ, Иранда коронавирус статистикасының елдің медициналық жүйесіндегі шыншылдық және ашықтықты білдіретінін айтып: «Ирандағы коронавирусқа қатысты мәліметтер – нақтырақ және шындыққа жақынырақ статистикалардың бірі»,-деді.  

Сараптама