Там 14, 2020 16:59 Asia/Almaty
  • Иран: Абу-Даби мен Тель-Авивтің дипломатиялық қарым-қатынасы – стратегиялық меңіреулік

Иран СІМ БАӘ мен сионистік режим арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауын айыптап, оны стратегиялық меңіреулік деп атап, бұған реакция ретінде аймақта қарсыласу қозғалысының нығая түсетінінде күмән жоқтығын айтты.

Иран СІМ жұма күнгі мәлімдемесінде: «Палестинаның жапа шеккен халқы мен әлемнің азаттықты сүюші барлық халықтары қылмыскер Израиль режимімен қарым-қатынасты қалыптандырып, оның қылмыстарына ортақтасуды ешқашан кешірмейді»,-деді.

Бұл мәлімдемеде: «Палестинаның қасиетті жері мен мұсылмандардың алғашқы құбыласын азат ету үшін жүргізілген 70 жылдық қарсыласу кезінде нақақтан төгілген қан ерте ме, кеш пе Палестинаның арманын сатқандардың аяғын шалады»,-делінген.

Иран СІМ шыны сарайларда отырып палестиналықтар мен аймақтағы Йемен сияқты басқа елдердің жапа шеккен халқына зұлымдық жасайтын билеушілерге «Естеріңізді жиыңыздар. Дос пен дұшпанды айыруда жаңылыспаңыздар» деп кеңес берді.  

Тегтер

Сараптама