Қыр 23, 2020 15:03 Asia/Almaty
  • Рухани: Бүгін әлемдіктердің мәжбүрлеу мен қорқытуға «жоқ» деп жауап беретін уақыт келді

ИИР Президенті: «АҚШ бізге келіссөзді де соғысты да таңи алмайды. Бүгін әлемдіктердің мәжбүрлеу мен қорқытуға «жоқ» деп жауап беретін уақыт келді»,- деп қуаттады.

 

ИИР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының 75 сессиясында: «Бүгін билеп-төстейтін кезең аяқталып, бірігіп шешім қабылдайтын және мәжбүрлеу мен қорқыуға «жоқ» деп айтатын уақыт келді»,- деді. Хасан Рухани видео форматта жарияланған сөзінде исламдық Иранның кейбір шешімдерін бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатушы, басқыншылық пен экстремизмге қарсы күрес және диалог негіздері ретінде   атап, сондай-ақ батыстың адам құқығы мен терроризм мәселелеріндегі екіжүзділігіне назар аудартып: «Мұндай халық санкцияларға лайық емес»,- деп мәлімдеді.

Иран Президенті Қауіпсіздік кеңестің 13 мүшесіне, әсіресе Ресей мен Қытайға  АҚШ-тың бұл Кеңес пен №2231 қарарды заңсыз түрде құрал ретінде пайдалануына қарсылық білдіргендеріне алғысын айтып, бұл қарсылықты халықаралық жүйенің өтпелі кезеңінің үлкен жеңісі деп тапты.

 

Тегтер

Сараптама