Қыр 26, 2020 16:47 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқына қарсы бүкіл қылмыстардың мекен-жайы - Ақ үй

ИИР Президенті АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандық әрекеттеріне тоқталып: «Иран халқына қарсы бүкіл қылмыстардың мекен-жайы - Ақ үй»,- деді.

Рухани сенбі күні коронавируспен күресетін ұлттық штабтың отырысында америкалықтардың  өткен екі жылда заңсыз және адамзатқа қарсы санкциялары, сондай-ақ лакестік әрекеттерімен елге кемінде 150 миллиард доллар шығын келтіргеніне тоқталып: «Олар тіпті Иранға дәрі-дәрмек пен азық-түлік жіберудін алдын алып, тарихтағы ең үлкен қылмысты іске асырды»,- деп қуаттады. Рухани АҚШ-тың Халықаралық валюта қорынан Иранға дәрі-дәрмек пен ауруханаларға қажет жабдықтар сатып алу үшін 5 миллиард доллар несие беруге  қарсылық білдіргеніне назар аудартып: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы – қылмыс министрі, ол Иран халқына қарсы дұшпандылығын мақтан тұтады»,- деді. Рухани Иран халқының АҚШ қылмыстарына қарсы табандылық білдіргенін қуаттап: «Иран халқы осыдан 40 жыл бұрын Абадан қоршауында Саддам режимін жеңгендей, Трамптың қоршауында жеңіп шығады»,- деп баса айтты.

 

Тегтер

Сараптама