Қыр 30, 2020 16:58 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ Иранға қарсы лаңкестік саясатты жүргізуде

ИИР Президенті америкалықтардың күн сайын жаңа қастық жасайтынына тоқталып: «АҚШ Иран халқына қарсы дұшпандық және лаңкестік саясат жүргізуде»,- деді.

 

Рухани үкімет отырысында өткен кештегі АҚШ президенттік үміткерлерінің пікірталастарына сілтеме жасап: «Бұл пікірталас америкалықтардың қандай жағдайға шырмалғанын, коронавирус пандемиясының ушығуы, жұмыссыздар санының көбеюі мен ішкі тынышсыздықтардың артуымен бетпе-бет келгенін көрсетті»,- деп мәлімдеді. Рухани америкалықтардың тек Иранға қатысты емес, Батыс Азия, Еуропаға қатысты саясатының сәтсіздікке ұшырағанын қуаттап: «Әрине мұндай қиындықтарға ие елдің өз мәселелерін басқаларға артып, Иран мен әлемге қарсы қастандық жасауы табиғи жәйт»,- деді.

 

Сараптама