Қаз 25, 2020 22:02 Asia/Almaty
  • Иранның Меһран шекарасынан Иракқа 183 млн долларға тауар экспортталды

Иранның батысындағы Илам облысының кеден басқармасының директоры өткен 6 айда Иранның Меһран шекарасынан Иракқа 183 млн долларға тауар экспортталғанын хабарлады.

Илам облысы кеден басқармасының директоры: «Коронавирусқа байланысты Меһран шекарасында шектеулер қойылғанына қарамастан, осы шекара бекеті арқылы Иракқа  құны 183 млн доллар тұратын тауар экспортталды»,-деді.

Илам облысының оңтүстік-батысындағы Меһран қаласы халықаралық шекарада орналасқандықтан жеке көліктер, экспорттық тауарлар тиеген жүк көліктері мен Ирактағы қасиетті жерлерге бара жатқан автобустар қатынайтын бағыт болып табылады.

Тегтер

Сараптама