Қаз 28, 2020 18:49 Asia/Almaty

Маранд қаласында орналасқан Иран армиясының 321-ші жылжымалы шабуыл бригадасы бөлімшелерінің бір бөлігі елдің шекара қорғанысын күшейту үшін солтүстік-батыс шекара аймақтарына аттанды.

 

 

Иран армиясы құрлық күштерінің солтүстік-батыс аймақтық базасының қолбасшысы Әли Ходжилу: «Дұшпандар исламдық жүйеге қарсы әрекеттенсе қата жауап алатынын біледі»,- деді.

Иранның Шығыс Әзірбайжан облысының Ходаафарин қаласындағы шекаралас аудандары 135 км ұзындықта Әзірбайжан мен Армения   әскери күштері арасындағы Қарабақ соғысының шекарасына жақын орналасқан. Таулы Қарабақ қақтығысының жаңа кезең басталғалы   Иран жеріне ондаған миномет снарядтары құлады.

 

Тегтер

Сараптама