Қаз 30, 2020 14:36 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иранның ұстанымы – Қарабақ аймағында атысты тоқтату режимін орнату

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөнінідегі орынбасары Қарабақ аймағында атысты тоқтату режимін орнатуды қуаттады.

 

Арақчи жұма күні Армения Сыртқы істер министрі Зохраб Мнатсаканьянмен кездесуінде оған Қарабақ аймағында атысты тоқтату режимін орнату туралы Иранның жобасын ұсынып, Иранның ынтымақтастық етуге қажет мүмкіндігінінің бар екенін мәлімдеді. Мнатсаканьян де Иранның аймақ қауіпсіздігінің жаңа қоқан-лоққыларына алаңдау білдіретінін түсінетінін айтып, Ислам республткасының аймақ тұрақтылығы мен бейбітшілігін қорғау рөлін қолдады. Арақчи мен Мнатсаканьян снымен бірге Таяу Шығыс аймағынан халықаралық лаңкестердің Қарабақ аймағына жетулеріне алаңдаушылық білдіріп, оларды бүкіл аймақ үшін шынайы қоқан-лоққы деп тапты.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөнінідегі орынбасары Әзірбайжан мен Ресей басшыларымен кездескен соң бейсенбі кешке Ереванға енді.

 

Тегтер

Сараптама