Қаз 30, 2020 16:36 Asia/Almaty
  • Франция жастарына жасаған жолдауынан кейін Ислам революциясы жетекшісінің Instagram-дағы француз тіліндегі парақшасы бұғатталды

Instagram әлеуметтік желісі Ислам революциясының жетекшісінің еңбектерін сақтау және жариялау кеңсесінің ақпараттық базасының француз тіліндегі ресми парақшасын бұғаттады.

 

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні кешке әлеуметтік желілер арқылы Франция жастарына арнаған жолдауында олардан өз президентінен Алла елшісіне тіл тигізуді неге қолдайтынын, оны неге сөз бостандығы деп санайтынын, бірақ холокосқа күмән келтіруді қылмыс деп санап, егер кімде-кім ол туралы жазса, қамауға алынатыны туралы сұрақтар қоюды сұрады. Қазіргі кезде Ислам революциясы жетекшісінің  Instagram-дағы француз тіліндегі бұғатталған парақшасының орнына жаңа парақшасы instagram.com/fr.Khamenei.ir өз жұмысын бастады.

 

Сараптама