Қар 24, 2020 21:37 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Бөгделерге сенуге болмайды

Ислам революциясының жетекшісі бөгделерге сенуге де, үміт артуға да болмайтынын айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні биліктің үш тармағы басшылары мен Экономикалық үйлестіру жоғары кеңесінің мүшелерімен кездесуінде санкцияларды бір ащы шындық әрі АҚШ пен оның еуропалық серіктестерінің Иран халқына қарсы қылмысы деп атап: «Бұл қылмыс ұзақ жылдар бойы Иранға қарсы жасалып келеді, алайда соңғы үш жылда күшейіп кетті»,-деді.

Аятолла Хаменеи санкцияларды жеңіп, залалсыздандыру жолына тоқталып: «Бұл жол басында ауыр әрі қиын болуы мүмкін, бірақ талпыныс жасап, қиындыққа қарсы тұру арқылы санкцияларды жеңуге болады. Сонда қарсы тарап санкциялардың тиімсіздігін көріп, біртіндеп одан бас тартады»,-деді.

Сонымен қатар аятолла Хаменеи үш еуропалық елдің уәждеріне тоқталып: «Олар өздері аймақ мәселелеріне ұдайы араласып, қате әрекеттер жасай отырып, Ираннан аймақ ісіне араласпауды талап етеді. Ұлыбритания мен Франция ядролық зымыранға ие. Германия осындай зымыран жасап жатыр. Ал өздері ИИР-нан зымыран жасамауды талап етуде»,-деді.