Қар 25, 2020 20:52 Asia/Almaty
  • Хаф-Герат теміржолы жобасын іске асыру кезеңі  аяқталды

ИИР Жол және қала құрылысы министрі Хаф-Герат теміржолы жобасын іске асыру кезеңінің аяқталғанын хабарлады.

 

Мұхаммад Ислами  Хаф-Герат теміржолы жобасын ашудың уақыты мен мүмкіндіктері туралы: «Иран-Ауғанстан теміржолы бір айдан аз уақыт ішінде екі елдің жоғары лауазымды басшыларының қатысуымен бір-бірне қосылады.  Осы кезде салынып жатқан  ұзындығы 191 км Хаф-Герат теміржолының  77 км Иранның, ал қалған 114 км Ауғанстанның жеріне өтеді. Иран мен Ауғанстан арасында теміржол желісін құру, екі ел арасында теміржол желісі арқылы экспорттау және импорттау мүмкіндігін тудырып, Ауғанстанды ашық суларға жеткізеді",- деді.

Тегтер