Иранда коронавирустан 482 адам көз жұмды
Қар 26, 2020 18:09 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі өткен 24 сағатта індет жұқтырған тағы 13 мыңнан аса адам анықталып, 482 адамның көз жұмғанын хабарлады.
Сима Садат Лари бейсенбі күні елдегі коронавирус жайлы: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес Иранда өткен 24 сағатта COVID-19 жұқтырған 13961 адам анықталды. Олардың 2439-ы ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.